Тәрбие сағаттары
Өнерлі бүлдіршіндер
Жас Ұлан
Биікке самға, жас маман!
Код сағаты
23.11.2020

Жалпыадамзаттық құндылықтар

2020 жылдың 23 қарашасында Өзін-өзi тану пәнінің мұғалімі: Мұратқызы Майгүлдiң ұйымдастыруымен 4 "а" сыныбы оқушыларымен "Жалпыадамзаттық құндылықтар-тұлғаны рухани-адамгершілік тәрбиелеудің негізі" тақырыбында Жалпы Республикалық бірыңғай өзін -өзі тану сағаты өткізілді. Сынып сағатының негізгі мақсаты-әрбір адам адал өмір сүрудiң,риясыз қызмет етудің,өзгелерге сүйіспеншілік танытудың әсерінен,адам өзін бақытты сезінетiнiн ұғынуы тиіс.
16.10.2020

Конституция сабағы

Тамды орта мектебінде 15 қазан күні бастауыш класс оқушылары үшін «Конституция сабағы» өткізілді. Оқушыларға адамның өмірі мен бостандықтары туралы айтылды. Өткізген: Әлеуметтік педагог М.Рамбаева
15.10.2020

Сен өз құқығыңды білесің бе?

15 қазан күні бастауыш сынып оқушыларымен "Сен өз құқығыңды білесің бе? сауалнама өткізілді. Өткізгендер: Рамбаева М.Е. Умудова Ж.С.
15.10.2020

Түсіндірме жұмыстары

Тамды орта мектебінің қызметкерлеріне «Жалған терроризм» туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді
03.07.2020

Бейнеролик "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес"

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) белгілі кино режиссер А.Сатаевтың шығармашылық тобымен бірлесіп түсірген қоғам арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бейнеролигін назарларыңызға ұсынамыз.

Бейнеролик 
26.05.2020

Хабарландыру!!!

Бүгінгі күнде электрондық мемлекеттік қызметтерді қолжетімді түрде рәсімдеуге болатынын хабарлаймыз! Мысалы e-gov порталы арқылы (Ақтөбе облысы бойынша 236- қызмет түрі), Телеграмм-бот (15-қызмет түрлері мен 7-портал сервистері) және e-gov mobile қосымшалары арқылы (61-қызмет түрлері) түрлі қызметтер мен сервистерді еркін қолжетімділікте рәсімдеуге болады.
Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдарға балаларды кезекке қою және балабақшаларға жолдама алу қызметтерін ата-аналар жеке электронды цифрлы қолтаңбасымен (ЭЦҚ) eaktobe.kz сайты арқылы үйде отырып алуға болатындығын ескертеміз.
Үйден қызмет алу мүмкіндігі жоқ ата-аналарға аталған қызметті көрсету үшін мектепте "E-gov бұрышы" жұмыс жасайды.

Қосымша 3
Қосымша 4
Қосымша 5
06.11.2019

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Мектебімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ұстаздар мен оқушылар  бойында қалыптастыру мақсатында бірқатар іс-шаралар өткізілді. Социолог Ж.С.Умудова  "В нашей жизни нет место коррупции " тақырыбында диспутты 8-10 сынып оқушылары арасында және ұстаздар арасында өткізді. Ал тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар Л.Т.Сагымбаева мен А.Н.Жарикова оқушылар арасында "Адалдық сағаттарын" өткізді.
Пікірталастың мақсаты – оқушылардың өз пікірін еркін жеткізіп, оны дәлелдеу қабілетін дамыту, қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың кез келген түрінде шыдамдылық пен құқықтық мәдениетке дағдыландыру, өз еліне деген жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.
Іс-шара барысындағы оқушылардың ойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жастардың үлесі бірінші кезекте болуы тиіс. Жалпы, пікірталас түрінде өтетін шаралар қызықты әрі пайдалы. Бұл өзінің оңтайлы нәтижесін береді. Іс-шара барысында оқушылар Қазақстан Республикасының «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңымен жақынырақ танысты.
19.10.2019

Алтын күз мерекесі

Мектебімізде "Алтын күз", "Золотая осень" тақырыбында бастауыш сыныптарында іс-шара өткізілді. Оған балғындармен бірге ата-аналар қауымы да қатысты. Аталмыш мерекеге балалар үлкен дайындықпен келіпті. Кейбірі ән салып, би билесе, енді біреулері жеміс-жидектер туралы мақал-мәтелдер айтып, өлеңдер оқып, мерекенің мазмұнын аша түсті. Кішкентай бүлдіршіндердің өнеріне ата-аналар қауымы тәнті болды. Олар жүздері бал-бұл жанған балғындардың қуанышына ортақтасып қана қоймай, өздері де бір сәт балалық шаққа саяхат жасап келгендей әсер алды
11.10.2019

Медбикелермен кездесу

11 қазан күні  "Қыз болашағы - ел болашағы"декадасын өткізу аясында 8-10класс қыз балаларымен Тамды ауылдық дәрігерлік амбулаториясының акушері Д.Изтілеуова мен кездесу өтті. Кездесу барысында оқушыларға өтпелі кезең қиындықтары мен гигиеналық тазалық, ерте жүктіліктің алдын алу шаралары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қыз балалар өздерін мазалаған сұрақтарды қойып, медбикелерден тұшымды жауап алды.
04.10.2019

Ұстазым менің, ұстазым!!!

Тамды орта мектебінде Ұстаздардың төл мерекесіне орай, мектеп оқушылары білім нәрімен сусындатқан ұстаздарын құттықтау мақсатында шағын концерт ұйымдастырып, алғыстарын білдірді. Сонымен қатар, "Өз ұстазыңды құттықта" челленджі аясында бірқатар мектеп түлектері алғыс, тілектерін жолдады.
Құрметті ұстаздар қауымы, келіп жеткен төл мерекелеріңіз құтты болсын. Сіздерге отбасыңызға амандық, зор денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз!!!
28.09.2019

"Адал жол- честный путь"

"Адал жол- честный путь" атты марафон - эстафетасы аясында Тамды орта мектебінің кітапханашысы С.Байманованың ұйымдастыруымен "Адал жолды таңдаймыз "атты тақырыбында кітап көрмесі өткізілді. Әлеуметтік педагогы М.Рамбаева 5 сынып оқушыларына адалдық, шыншылдық, әділеттілік қасиеттерді түсіндіре отыра "Адалдық пен әділдік" тақырыбында әңгіме өткізіп түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мектеп психологы Г.Сембекованың ұйымдастыруымен 4- сынып оқушылары арасында "Біз адалдық жолындамыз" тақырыбында пікірлесу өткізілді. Пікірталас үш бөлімнен тұрды. Оқушыларға "Адалдық жолында" атты бейнебаян көрсетілді. Сонымен қатар, марафон аясында 5-7 сынып оқушылары арасында флешмоб ұйымдастырылды. Қосымша білім беру педагогы Д. Мырзагалиеваның ұйымдастыруымен "Парасаттылық мектебі" атты сұхбат өткізілді.Сұхбаттың мақсаты-жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың үлгісін қалыптастыру және жаңа формациядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыстың жас өкілдерін дайындау.  "Шебер қолдар" үйірмесінің  жетекшісі Қалниязова Қ. "Адал жол-жемқорлыққа жол жоқ" тақырыбында сурет салу жарысын ұйымдастырса, әлеуметтік педагог Ж.Умудова "Школа честности" тақырыбында оқушылармен әңгіме өткізді.
11.09.2019

"Скажем коррупции - НЕТ!"

В рамках реализации проекта "Ақтөбе-адалдық алаңы" среди учащихся 5-7 классов Тамдинской средней школы был проведён велопробег "Скажем коррупции-нет!". Провела С.Н. Стретенцова.
01.09.2019

1-қыркүйек - Білім күні мерекелік салтанатты жиыны өтті

Тамды орта білім беретін мектебінде 2019-2020 оқу жылының басталуына орай алғашқы қоңырау мерекелік салтанатты жиыны болып өтті. Алғашқы қоңырау мерекесі 1-сынып бүлдіршіндері мен 11-сынып оқушыларын салтанатты түрде ортаға шақырумен басталды. Мерекелік іс шараны мектеп директоры Алтын Иманқызы Жамансарина мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндерді, оқушылар мен ата-аналарды құттықтау сөзімен бастады. Алтын Иманқызы өз сөзінде қазіргі таңда жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру - ұстаздар алдындағы үлкен міндет екенін атап көрсете отырып, биылғы оқу жылының ерекше екендігін, 4,9,10- сыныптар жаңартылған білім беру бағдарламасына көшетіндігін және осыған орай барлық оқушылар қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етілетіндігін айтты. Үш тұғырлы тіл саясатын іске асыру мақсатында қазақ, орыс, ағылшын тілдерін дамытуға баса мән берілетіндігіне тоқталды. Жиынның қонақтары Алға аудандық ветеринариялық бөлімінің басшысы Мұрат Серік және Тамды ауылдық округінің әкімі Ажигулов Аслан Құдайбергенұлы қатысып жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Сондай-ақ, 1- қыркүйек -Білім күні мерекесімен оқушылар мен мектеп ұжымын құттықтап ата-аналар сөз сөйледі. Салтанатты жиын оқушылардың мерекелік сазды бағдарламасымен жалғасты. Қоңыраудан соң барлық сынып оқушылары өз оқу кабинеттерімен танысып, алғашқы білім күні сабағына қатысты.
19.06.2019

Ақтөбе - адалдық алаңы

Достар, өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін құру туралы шешім қабылдады. Бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың басым бағыттарының бірі - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді іске асырудың бастауы екендігін куәландырады.

Институционалдық өзгерістерге қарамастан, парасаттылық идеологиясына негізделген жұмыстың жаңа форматы біз үшін басым болып қалуда. Алайда, сыбайлас жемқорлық шенеуніктерді ұстау көңіл-күйді ешкімге көтермейтіндігін жақсы түсінсек те, жұмысымызды әлсіретуге ниетті емеспіз.

Өзімнің жаңа саладағы алғашқы постымда мемлекеттік аппараттағы келеңсіз құбылыстардың бірі - ел ішіндегі іссапарлар барысындағы қызметшілердің теріс қылықтары және отырыс, алым-салық, дастархан жаю және тарту жасау қоса жүретін тамыр жайған, төмен құрылымдарды жаппай тексерулерге назар аудартқым келеді.

Бұл проблеманың өткірлігі, әсіресе облыстық, аудандық және ауылдық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілердің көптеген шағымдарымен расталады. Және қоғамның игілігі болған мысалдар жеткілікті.

Аталған теріс тәжірибе өткеннің көзі бола отырып, адамдардың санасында терең тамыр жайған және отандық мемлекеттік қызметтің ұйымдастыру мәдениетін сипаттайтын норма сияқты қабылданады. Сонымен қатар, біз стандарттарына бой түзейтін ЭЫДҰ елдерінде мұндай мәселе жоқ, ешкім ешкімді қабылдамайды, ал тексерулер қашықтықтан бақылау есебінен жүзеге асырылады.

Түсінікті болу үшін атап өткім келеді, әрбір іссапар үшін тексерушілерге логистика, тұру және тамақтану шығындарын жабатын жеткілікті қаражат бөлінеді.

Алайда, тексерушілер өңірлерге жол жүргінде, бөлінген қаражаттан тиынды да жұмсамауға айла табады. Жақсы қонақ үй нөмірі, күнделікті түскі ас және жиі мас күйіндегі төбелестер түріндегі салдарлары бар ең жақсы мейрамханаларда тұздалған қияры бар кешкі ас, қымбат сыйлықтар, монша және аң аулау - осының барлығы тексерілетін әріптестерінің жеке ақшасының есебінен.

Бақылаушылардың тәбетін біле тұра, жергілікті басшылар «деңгейде» басшылықты қарсы алу үшін бизнесмендерге көмек сұрап жүгінеді. Мұндай көмек ешқашан тегін болмайды және әрі қарай шенеунік тарапынан ерекше қамқорлыққа айналады. Мұның бәрі қалай аяқталатындығын еске салудың қажеті жоқ деп ойлаймын.

Әсіресе, аумақтық мемлекеттік органдар елорда және облыстық орталықтан келген қонақтар үшін қызықты әрі ерекше демалыс ұйымдастыру арқылы осы «институтты» әдетті түрде қабылдап, тіпті қолдап отырғаны аса ренжітеді. Әдетте, бұл министрге немесе облыс әкіміне арналған оң есеп беру, сондай-ақ жұмыста өрескел бұзушылықтарды бүркемелеу үшін жасалады.

Бұл ретте осындай мінез-құлықты өз алдына ұлттық дәстүр мен шенге бас ұрушылық, басшылыққа деген көрсетілген құрмет таныту арқылы ақтауға тырысатын адамдар бар екенін таңқалдырады.
Менің ұстаным бірегей-кәсіби және инновациялық мемлекеттік аппарат үшін бұл мүлдем қолайсыз. Бұл тәжірибе мемлекеттік қызметтің негіз қалаушы қағидаларының беделін түсіреді және құнсыздандырады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қарқынын жылдамдатады.

Осыған байланысты өңірлік іссапарларға, түрлі конференциялар мен семинарларға шығатын барлық мемлекеттік қызметшілерге, құқық қорғау және сот органдарының қызметкерлеріне, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұлттық компаниялардың басшыларына айтарым: жоғарыда айтылған барлық тәжірибе жұмыстан босатудан бас бостандығынан айырудың нақты мерзіміне дейін қатаң санкциялар көзделген өрескел бұзушылық болып табылады. Сол сияқты қабылдаушы тарапқа да қатысты.

Агенттік бұл мәселені жүйелі бақылауға алды. Жекелеген өңірлерде нәтижелер бар - кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылуда. Сонымен қатар, бюджет қаражатын ұтымды пайдалану мақсатында біз Үкіметке қашықтықтан мониторингке көшумен көшпелі тексерулерді оңтайландыру жөнінде ұсыныстар енгіземіз.

Бұл жұмысты сапалы жүзеге асыруда азаматтық қоғам институттары маңызды рөл атқарады. Барлық қоғам белсенділері мен немқұрайлы қарамайтын азаматтарды осындай фактілерге мұқият назар аудара отырып, бізді кез-келген ыңғайлы тәсілмен: менің поштама жазбаша түрде жүгіну alik.shpekbaev@gmail.com, әлеуметтік желілерде хабарлаумен немесе Агенттіктің 1424 колл-орталығына қоңырау шалып, хабардар етуге шақырамын.

Авторы: Алик Шпекбаев
27.04.2019

Құттықтаймыз!!!

25 сәуір күні Алға қаласында өткен "Бастау " математика олимпиадасында Тамды орта мектебінің "Знайки" құрама командасы жүлделі 2 орын иеленді. Жетекшісі Жаканова Л. Ю.
25.04.2019

Бүлдіршіндер керемет өнер көрсетті

24 сәуірде Алға аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен " Тіл болашағы -балабақшада" атты өзге ұлт бүлдіршіндері арасындағы байқауда Тамды орта мектебінің "Қызғалдақтар" тобы бас жүлдеге ие болды. Жетекшісі :Рябова. О. А.
24.04.2019

Мектепішілік ата-аналар жиналысы

Тамды орта мектебінде мектепішілік ата - аналар жиналысы өткізілді жиналысқа Алға аудандық дін мәселелері және қоғаммен байланыс орталығының басшысы Разаков Н.Ш.қатысып ата - аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
05.04.2019

Денсаулық баршаға

Тамды орта мектебінде 2019 жылдың 5 сәуірінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық күні аясында "Денсаулық баршаға" ұранымен таңғы жаттығу өткізілді.
28.03.2019

Шығармашылық есеп

«Көктемгі демалыс» кезіндегі педагогтармен жұмыс жоспарына сәйкес 28 наурызда білікті, тәжірибелі ұстаздарымыздың шығармашылық есебінің куәсі болдық. Бастауыш сынып мұғалімдері А.Рахметова және А.Тауман, химия биология пәні мұғалімі Т.Тулешова іс тәжірибелерімен бөлісті. Шығармашылық есеп өткізудегі мақсат жас мамандарға үлгі, өнеге көрсету.
21.03.2019

Наурыз - Жыл басы

Тамды орта мектебінде Ұлыстың ұлы күні Наурыз меркеесіне орай "Қош келдің, Наурыз!" атты іс-шара өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға Наурыз-жыл басы, ұлт мейрамы екендігін тарихи маңызын түсіндіру. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру; Ата-ана, оқушы, ұстаз, жұртшылық өкілдерін ынтымақтастандыру. Қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін, дінін, әдет-ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.
Наурыз мейрамы – Шығыс халықтарының көпшілігінде мұсылман діні қабылданғанға дейін пайда болған, көктем мен еңбектің ежелгі мерекесі.
1-11 сынып жетекшілер «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз құтты болсын», «22 Наурыз – көктем мен еңбектің мерекесі», «Наурыз – первый день нового года», «Ұлыс оң болсын», «Қош келдің, құтты Наурызым!» тақырыптарында тәрбие сағаттарын өткізді.