Тәрбие сағаттары
Өнерлі бүлдіршіндер
Жас Ұлан
Биікке самға, жас маман!
Код сағаты
24.10.2018

Ұланбасы сайлауы

Тамды орта мектебінде Ұланбасы сайлауы өтті.Бұл сайлауға үш үміткеримиз қатысып өздеринин мақсат міндеттерімен таныстырды.Сайлау қорытындысы бойынша 100% Андижан Гүлзат Ұланбасы болып тағайындалды.
29.09.2018

"Мектепке жол" Республикалық қайырымдылық акциясы

Тамды орта мектебінде күн көрісі төмен, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған, көп балалы отбасы балаларын мектепке дайындау мақсатында дәстүрлі Республикалық "Мектепке жол"акциясы "Жақсылық жасауға асығайык!" атты ұранымен ұйымдастырылды.
01.08.2018

"Мектепке жол" Республикалық қайырымдылық акциясы

Тамды орта мектебінде 1 тамыз бен  30 қыркүйек аралығында "Мектепке жол" дәстүрлі жалпы Республикалық қайырымдылық акциясы Ақтөбе облыстық "Бақытты бала" жобасы аясында "Жақсылық жасауға асығайық" ұранымен өткізілуде. Акцияға қатысуға шақырамыз!!!
06.03.2018

Мамин день

Накануне 8 марта в нашей школе прошел конкурс "А ну-ка, мамы + дочки". В конкурсе участвовали мамы и девочки начальных классов. Участницы были в позитивном настроении и активные. По итогам конкурса участницы были награждены по номинациям и маленьким принцессам были присвоены прекрасные звания.  
05.03.2018

Екі жұлдыз

8- наурыз мерекесіне орай мектебімізде 5-7 сыныптар арасында сынып жетекшісімен "Екі жұлдыз- 2018" байқауы өткізілді.Бағдарламада: 1.Шәмші әндері
2. Кино әлеміндегі әндер.
3. Өзге тілдегі әндер.
Байқау бас жүлде мен номинациялар мен марапатталды.
01.03.2018

Баршаңызға мың алғыс!

1  наурыз - Алғыс айту күніне орай мектебіміздің бүлдіршіндері өздеріне дүние сыйлаған ата- аналарына, әже-аталарына, білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына және де барша жанына жақын жандарға алғыстарын әнмен, жырмен, өлең жолдарымен және бимен жеткізді. Баршаңызға мың алғыс!!!
18.02.2018

Аудандық спартакиада

17 ақпан күні Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында Астананың 20 жылдығына орай ұйымдастырылған қысқы спорт түрлерінен аудандық спартакиада өткізілді.Шараға ауылдық округтер мен аудан мектептерінен 18- 60 жас одан да жоғары жастағы барлығы 60 спортшы қатысты.
16.02.2018

Ұрпақтар сабақтастығы

Тамды орта мектебінде 2018 жылдың 16 ақпанында «Ұрпақтар сабақтастығы»атты іс –шараны      9а сынып жетекшісі С.Ж.Каиргалиева ұйымдастырып өткізді.
12.02.2018

Жас патриот

10 ақпан күні 2-10 сыныптар арасында "Жас патриоттар" атты мектепішілік сайыс өткізілді. Сайыста ән, би, көрініс, саптық жүріс көрсетілді. Мектебіміздің жас өрендері өз өнерлерін нағыз патриот ретінде көрсете білді. Сайысқа қатысушылар бірнеше кезең бойынша жүлделі орындармен марапатталды.
12.02.2018

Самопознание: Педагогика Любви и Творчества

12 февраля 2018 года в Тамдинской средней школе прошло закрытие декады."Самопознание : Педагогика Любви и Творчества".
Театрализованное представление "Алиса в стране чудес" подарило радость присутствующим. Организаторы мероприятия завершили декаду с запуском шаров в небо.
10.02.2018

Мұқағали Мақатаев

Мектебімізде қазақ халқының ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай 5-7 сынып оқушылары аралығында "Мұқағали- мәңгілік ғұмыр"атты Мұқағали оқулар байқауы өткізілді.  
09.02.2018

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Тамды орта мектебі бойынша сыбайлас  жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға және мемлекеттік қызмет жүйесінің беделін арттыру мақсатында кітапханашы Салтанат Байманова "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!" тақырыбында 9-11 сынып оқушыларымен әңгіме жүргізді. Оқушыларға "Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері кітабы", "Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы кітабы"
"Қазақстан Республикасының Конституциясы кітабын" таныстырумен қатар, жағдаяттық сұрақтар қойып, сапалы кеңестер де бере кетті.
08.02.2018

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы асында 5 ақпан күні тәлімгер Набрешова Салатанаттың ұйымдастыруымен "ХХІ ғасыр көшбасшысы" интеллектуалдық сайысы, 6 ақпанда бастауыш және орта буын сынып оқушылары арасында "Бақыттымыз біз бірге" тақырыбында флешмоб, 7 ақпан күні тарих пәні мұғалімі Л.Садуақасова 8-11 сынып оқушылары арасында "Полиглот" атты сайыс ұйымдастырды. Ал 8 ақпан күні тәлімгер С.Стретенцова  "Турнир знатоков" атты сайыс өткізді.
01.02.2018

Утро радостных встреч

1 февраля 2018 года в Тамдинской средней школе состоялось торжественное открытие декады "Самопознание: педагогика любви и творчества".
31.01.2018

Әке мен бала

Әкенің отбасындағы рөлі мен міндеттері, балаларының алдындағы мәртебесін көтеру, балалардың әке қадірін, оның өміріндегі айрықша орынын түсіндіру мақсатында мектебіміздің бастауыш сыныптарының оқушылары мен әкелері арасында көңілді де танымды "Әке - асқар тауым", "Мой папа самый лучший", "Самый лучший папа" тақырыптарында  іс-шаралар өткізілді.
22.01.2018

"Мәңгілік ел - мәртебелі тіл!"

Мектебімізде қаңтар айының 22-31 күндері "Мәңгілік ел-мәртебелі тіл"атты қазақ тілі, орыс тілі әдістемелік бірлестігінің он күндігі жоспарға сәйкес ұйымдастырылып, өткізілуде. Онкүндік салтанатты ашылумен бастылып,  қызықты да, жүйелі ашық сабақтармен жағасын тапты.
10.01.2018

"Үздіктер" слеті

"Біз сендерді мақтан етеміз" атты " үздіктер " слетті 5-7 сыныптар арасында өткізілді.
Мектебіміздің мақтаныштары оқу үздіктері аталып, салтанатты шарада ғылым, білім, өнер, спорт саласында елеулі жетістіктерге жеткен оқушылар марапатталды.
29.12.2017

"Қош келдің, Жаңа Жыл!"

Мектебімізде 26-28 желтоқсан күндері мектеп алды даярлық тобы мен 1-11 сынып оқушылары арасында Жаңа Жылдық шырша мерекесі болып өтті.
18.12.2017

Мерекелік көңіл -күй

Теуелсіздік мерекесіне орай мектепте  сынып оқушыларының, мұғалімдердің қатысуымен спорттық ойындар, волейбол жарысы, хоккей, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ ойындары, спорттық эстафета өткізілді. Оқушылар шараға белсене қатысып, үйлеріне мерекелік көңіл-күймен оралды.
15.12.2017

Тәуелсіздік күні

Тәуелсіздік күні қарсаңында мектебімізде мектеп алды даярлық тобының жетекшісі Р.Степанова мен Л.Талипованың ұйымдастыруымен "Қазақстан бақытты" атты іс-шарасы өткізіліп, мектеп тәлімгерлерінің ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқушылары "Тәуелсіздік - жыр әнім" атты шарада патриоттық әндер орындады. Мектеп кітапханашысы Б.Изимова "Тәуелсіздік - ел тірегі" тақырыбында кітаптар мен журналдар көрмесін өткізді. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Сағымбаеваның басшылығымен мектеп оқушылары арасында Астана қаласының 20 жылдығына орай "Ел жүрегі - Астана" атты танымдық сабақ өткізілді. 5-11 сынып оқушылары арасында "Тәуелсіз елдің ертеңі - біз" атты мерекелік концерт өтті.