28.11.2017
1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай барлық сыныптарда тәрбие сағатары өткізілді. Ел Президентінің кемел саясатымен таныстыру мақсатында 8-11 сынып оқушылары арасында "Үздік презентация", "Үздік мәнжазба" атты сайыстар өткізілді. Жүлдегерлер мақтау қағаздарымен марапатталды.
19.10.2017
19 октября в начальных классах прошло праздничное мероприятие, посвященное Дню Осени. Дети с нетерпением ждали этого мероприятия и очень серьезно к нему готовились: учили стихи, песни, танцы. И сегодня они показали свои умения и навыки самым дорогим – своим родителям! А самое главное дети показали своё отличное настроение, свои сверкающие от радости глаза и искренние улыбки…
06.10.2017
Қазан айының 6-сы күні оқушылар комитетінің ұйымдастыруымен өткен халықаралық ұстаздар күніне арналған «Ұстаз ұлы - тұлға» атты мерекелік концерт өтті. Білім жолында еңбек етіп жүрген ұлағатты ұстаздарды құттықтау үшін мектеп оқушылары мектеп ішін безендіріп қана қоймай, мұғалімдерді есік алдынан ыстық қошеметпен қарсы алудан бастау алған мерекелік бағдарлама жалғасын өзін-өзі басқару ұйымының әзірлеген мерекелік кешіне ұласты. Концерт барысында тек ән, би ғана емес, түрлі көңілді ойындар ойнатылып, мұғалімдер қауымын бір сергітті.Оқушылар ұстаздарына арнап жылы лебіздерін білдірді. Мұғалімдерге арналған мерекелік концерт ұстаздармен басқа да қонақтардың көңілінен шықты.
08.09.2017
Отбасы күніне орай мектебімізде "Отбасы - бақыт мекені" тақырыбында апталық өткізілді. Апталық аясында бастауыш сынып оқушылары арасында сурет көрмелері ұйымдастылды. Отбасылық құндылықтарды түсіндіру мақсатында әрбір сыныпта тәрбие сағаттары өтті.
08.09.2017
8 қыркүйек күні мектептің спорт алаңында "Біздің денсаулығымыз - өз қолымызда" тақырыбында спорттық іс-шара өткізілді. Оқушылар дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің нұсқауымен түрлі жаттығулар жасап, көңілді әуен ырғағымен би де биледі.
07.09.2017
Отбасы күніне орай мектебімізде тәлімгерлер С.Набрешова мен С.Стретенцованың ұйымдастыруымен 1-4 сынып оқушылары арасында "Отбасым - байлығым" тақырыбында сурет көрмесі өтті. Бүлдіршіндер шараға белсене қатысып, өз отбасына деген ыстық ықыластарын қылқаламмен жеткізді.
02.09.2017
Білім күніне арналған 1-11-сыныптарға «Мен - өз елімнің патриотымын» патриоттық күнге арналған «Армысың –алтын ұя мектебім» атты салтанатты жиын салтанатты сап түзеу жиыны өткізілді. Салтанатты жиын мемлекеттік туды енгізілуімен және мемлекеттік әнұранның орындалуымен басталды. Мектеп директоры А.И.Жамансарина құттықтау сөзінен кейін жиынымыздың қонағы Алға аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Сұлтанов Талғат Болатович және Тамды селолық округінің әкімі А. Ғ.Еспагамбет барша оқушыларды, ата-аналарды, мұғалімдер мен қатысушы қонақтарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, сәттілік тіледі және алғашқы мектеп есігін ашқан бүлдіршіндерге еліміздің Президенті Н. Назарбаевтың атынан кітап табыс етілді. Жиында биылғы жыл халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмесінің өткізілуі тарихи жыл екендігі туралы айтылды. Тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған 1-сыныптың ұл-қыздары өлеңдерін оқыды. Білім күніне арналған "Мен өз елімнің патриотымын!" тақырыбында 1-11 сынып оқушыларына алғашқы білім сабақтары жалғасын тапты.
28.07.2016
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі және 6 А сыныбының сынып жетекшісі Басенова Банудың 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесіне ашық тәрбие сағатын өткізді. Ашық тәрбие сағатына оқушылардың аналары шақырылды. Оқушылар аналарына арнап ән салып, би биледі. Өте әсерлі , тамаша өтті.
26.07.2016
Директордың оқу- ісі жөніндегі орынбасары Есенова Дамира Балтабекқызы жас мамандарға "Заманауи әдіс- тәсілдерді меңгерту" тақырыбында семинар өткізді.
Еліміздің тәуелсіздік мерекесі қарсаңында мектебімізде "Елімнің ертеңі- Тәуелсіздік" тақырыбында 1-11сыныптарында тәрбие сағаттары өтті. Тәрбие сағатында оқуышларды патриоттықөа тәрбиелеу, елін, жерін сүю, оның құндылықтарын құрметтеу, қорғау туралы тақырыптар қозғалды.
Тамды орта мектебі мен №3 Алға тірек мектебі арасындағы желілік қоғамдастық кездесу барысында "Оқытудың жеке тұлғаға бағытталуының он тәсілі" тақырыбында коучинг өткізілді.