2017 жылдың қаңтар айынан бастап Тамды орта мектебіне көрсетілген көмек.
2017 жылдың қаңтар айында мектеп түлегі Жамансарин С. А. 9 терезеге 45 мың теңгеге жалюзи алып берді.
2017 жылдың наурыз айында мектеп түлегі Әбілқайырова А.Қ. мектеп дәліздерін көгаландыру мақсатында 12 мың теңгеге гүл құмырларын сыйға тартты.
2017 жылдың мамыр-маусым айларында мектеп ұжымы мектеп ауласын абаттандыру және көгаландыру мақсатында 38 мың теңгеге 250 түп петунья гүлін алды.
2017 жылдың шілде –тамыз айларында ата-аналар қаржылай көмегімен оқу кабинеттеріне ағымдағы жөндеу жүргізілді барлық соммасы - 240 мың теңге.
ШҚ «Өсербай» басшысы Усербаев Елтай 146 мың теңгеге ағымдағы жөндеуге қажет құрылыс құралдарын және 40 мың теңгеге спорт құралдарын алып берді.
2017жылдың қыркүйек айында жеке кәсіпкерлік «Жаленова Ш.Е.» Тамды орта мектебіне 90 мың теңгеге Мемлекеттік Елтаңбаны сыйға тартты.
Осы айда мектеп түлектері Б.А.Басенова «Рухани жаңғыру» тақырыбындағы құны 20 мың көлеміндегі стенд және Ж.А.Жаманбаева «Рухани жаңғыру» тақырыбындағы 10 мыңдық баннерді сыйлады.
Осы жылдың қазан айында «ПГС-Тамды» ЖШС 115 мыңға питьевой фонтан сыйлады.
Барлығы: 845 мың теңгеге Тамды орта мектебіне демеушілік көмек көрсетілді.