Тамды орта мектебінде 2018-2019 оқу жылында қосымша білім беру бағдарламасы бойынша 3 үйірме жұмыс атқарады.
Жұмыстың мақсаты:Тәрбие мен қосымша білім беру салаларын білім беру саясатының басты бағыттары деп айқындау,тәрбие беру ісін еркін және жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағыттау,әр балаға тәрбие мен қосымша білім беруге дербес бағытталуды қамтамасыз ету.
Жұмыстың міндеті:Оқушыларға қосымша білім берудің қолжетімді болуын дамыту және сақтау,оқушылардың білім алу ынтасы мен әлеуметтік қажеттіліктерін өтеуге мүмкіндік беру.
Күтілетін нәтиже:
Оқушының шығармашылық тұрғыда дамуына мүмкіндік беру аясын кеңейту.
Вариативтік тәрбие жүйелерін құру және дамыту арқылы тәрбиелілігі деңгейін көтеру.
Қосымша білім беру рөлін арттыру.
Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру.
Оқушыларға жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,тиімді тәрбие сағаттары мен танымдық шараларды өткізу.
Мектеп бойынша жұмыс атқаратын 3 үйірме тақырыптары келсідей: "Шебер қолдар", "7-умений", "Сымбат пен мүсін икемділігі" драмалық үйірмесі.
"ШЕБЕР ҚОЛДАР" ҮЙІРМЕСІ
"Шебер қолдар" үйірмесінің жетекшісі - Кемалладинова Мейірім. Жалпы үйірмеге 25 оқушы қатысады.
"Шебер қолдар" үйірмесінің жұмысының графигі
І-топ ІІ-топ
Сейсенбі 15.00-17.00 Сәрсенбі 10.00-11.20
Бейсенбі 15.00-17.00 Жұма 10.00-11.20
"СЫМБАТ ПЕН МҮСІН ИКЕМДІЛІГІ" ДРАМА ҮЙІРМЕСІ
"Сымбат пен мүсін икемділігі" драмалық үйірмесінің жетекшісі - Мырзағалиева Д.Н. Үйірмеге 5-8 класс аралығындағы 30 оқушы қатысады.
Мақсаты: оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, эстетикалық, көркемдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру;
- оқырмандық, көрермендік талғамды қалыптастыру;
- ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
Міндеті:
- әдебиетті өнер табиғатына сай оқи білуге, мән – мағынасын терең түсінуге мүмкіндік туғызу;
- көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылығын ояту;
- жеке тұлғаның эмоциялық мәдениетін қалыптастыру;
- актерлік шеберлігін қалыптастыру, дамыту.
"Сымбат пен мүсін икемділігі" драма үйірмесінің жұмысының графигі
5А, 5Ә Дүйсенбі 10.00-11.25
6А Сәрсенбі 09.30-11.45
7А Бейсенбі 09.30-11.45
8А Дүйсенбі 15.00-16.25
Сәрсенбі 15.00-16.25
8Ә Сейсенбі 15.00-16.25
Бейсенбі 15.00-16.25
"7-умений" қолөнер үйірмесі
"7 - умений" қолөнер үйірмесінің жетекшісі - Гайдаржи О.С. Жалпы үйірмеге 5-8 сынып аралығындағы 20 оқушы қатысады.
Үйірменің мақсаты:
Балаларға қосымша білім беруде оқушының білімін, шеберлігін көрсету. Оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту.
"7-умений" қолөнер үйірмесінің жұмысының графигі
Дүйсенбі 09.00-11.30
Сейсенбі 09.00-11.30
Жұма 15.00-17.30